Атаулы айдармен осы жолы беріліп отырған ерекше ережелер болашағын ойлаған буындарға арналады. Бұл бір жағынан кеңестерге ұқсағанымен шаңрақтың берік болуына ықпал етсе, қамқорлықтың айқын белгісі деп кім айтпас?!(Ерлерге, сонан соң әйелдерге арналған ережелер) Ерлерге арналған ерекше ереже
-Әйелдерге өзіңіздің әлсіз жеріңізді байқатпауға тырысыңыз. Мысалы, қызғанышыңызды, өзіңізге сенімсіздіңізді.-Бұрынғы ғашық болған қызыңыз туралы әйеліңізге айтушы болмаңыз.-Өткен өміріңде мақтануға тұрмайтын жайсыз жайттар болса, оны да жасыра біліңіз. Себебі оған Сіз туралы жағымсыз нәрселер есту оңайға соқпайды. -Сүйіп айналысатын қандай да бір ісіңіз, хоббиіңізді әйеліңіз жақтырмайтын болса, тастауға асықпаңыз. Оған білдірмей-ақ өз ісіңізбен айналысуыңызға болады.-Оның құрбыларын жақтырмайтыныңызды айтушы болмаңыз. Себебі ол құрбыларын Сізден бұрын білетін, араласатын, Сіз тыйым салғанмен ол қарым-қатынасын үзбейді. Сондықтан бекерге шаршамаңыз. Ал егер құрбылары мен өзіңіздің араңызға таңдау жасатуға барсаңыз, ол Сіздің ақымақтығыңыз.-Сіздің әйеліңізді ата-анаңыз жақтырмауы мүмкін. Бірақ оны сүйіктіңізге айтушы болмаңыз. Одан жеңілдік таппайсыз. Тек ата-анаңызға оны өз таңдауыңыз екенін айтыңыз.-Анаңызбен ақылдасып тірлік істейтініңізді әйеліңіз білмеуі керек.
|