 Тіл үйрену
-«Вперед» деген сөз қазақша қалай айтылады? -Алға! -«Назад» деген қалай? -Ондай сөз қазақта жоқ. Кері бұрыласың да алға тартып қоясың.
Таза ауа
-Қала иістеніп-ақ кетті. Іссапарларға кеткендерге рахат болды, ия?! Таза ауа жұтады. -Олар үш-ақ күнде кетті емес пе? -Аз екен. Үш күннің екі күнді жолда шаршайсың, Енді... сонда да жақсы. Бәрін білетін қатуылдау әйелдің қосымша айтқан сөзі еріксіз езу тартқызды: -Радиодан естідім. Туркияда қазір қатты жаңбыр жауып тұр. Олар қайтқанда ғана күн ашылады. Бұл, әсіресе, біздің бастығымызға жақсы болды: қысқа мерзімде жанталаса жұмыс істеп, жаңбырмен айқасып қайтса, ақылы кіріп сабырлы жандардың қатарына қосылар. Әйтпесе, текеше тепеңдеп маза таппай жүреді...
Құр қолмен
-Сергей (шын аты Серік, жора-жолдастары Сергей деп кеткен) аю аулауға құр қол аттанды.-Мықты екен! Айлалы аңшы ма еді, өзі?-Жо-жоқ. Кәдуілгі ақмақтардың бірі...
Фото из сайта Лечимся Сами
|