Сұрақ: Емханаға баруға уақыт тапшы. Мені гайморит мазалайды. Халық медицинасы бойынша емделетін әдіс айтасыңыздар екен. Жауап: Мен гайморитпен ауырып, қиналып жүргенімде орыс көршім емделу жолын сілтеп, сол кеселден алаңсыз айығып кеттім. Мүмкін сіздерге де пайдам тиер деген үмітпен орысша рецепті ұсынып отырмын. Емделу жолы қиын емес. Әуелі аптасына екі рет моншаға бару қажет. Моншадағы бу ылғалды емес құрғақ болу керек. Буға түсіп, емді қатар жүргізеді: жас ақжелкенді (хрен) үккіштен өткізіп, 2-3 лимонның шырынын қосып араластырып, қою соус жасап, күніне таңертең және түс қайта жарты шай қасықтан ішеді. Мұндай дәріні күн сайын міндетті түрде ішу керек. Бір ескеретін жайт, әлгі соус (емдік дәріні) қолданған соң, біраз уақытқа дейін су немесе басқа сусындарды ішуге мүлдем болмайды. Олай істесеңіз жасаған еміңіз заяға кетеді. Созылмалы түрге айналған гаймориттің өзі осындай емнен соң бір ай ішінде жоқ болады. М. Шыршықбай, Тараздан. («Саламатты өмір» №05 (08). Наурыз 2013ж)
|