Әйелді бастан...
Өмірден түйгені мол ақжаулықты анадан ауыл жастары:
-Апа, сіздің өміріңізге тамсана қараймыз! Осыншама жылдар бойы шалыңызбен тату-тәтті өмір сүріп, бақытты отбасы құра алдыңыз! Осының құпиясы неде екен?-деп сұрады.
-Шырақтарым, сендерге құпияның мән-мағынасын қысқаша түсіндіруге тырысайын. Аталарыңа жас кезімде тұрмысқа шыққанмын. О кездері автокөлік деген атымен жоқ, қызды құтты орнына атқа мінгізіп шығарып салатын еді. Аталарың екеумізді екі атқа мінгізіп, ел болып шығарып салды. Аталарың жол бастап келеді, мен артына түсіп жүре бердім. Бір кезде атым сүрінді. Күйеуім артына бұрылып, атыма қарап: «Бір» деді. Тағы біраз жүргенен кейін атым тағы сүрінді. Бұл жолы жолдасым атқа қарап: «Екі» деді. Бейшара жануардың қайта сүрінгенін қарашы, күйеуім «Үш» деді де, мылтығын оқтап, атымды атып тастады. Оның бұл ісіне зығырданып қайнап, бажылдап ұрыса бастадым. Жолдасым үндемей мені тыңдап алды да: «Бір» деді. Сол күннен бері аталарыңа «Екіні» айтқызбай келемін...
|