Мәселен, Англияда 3 миллиондай мұсылман бар екен. Улыбритания мұсылманданып келеді «Англияның діндер бойынша құзырлы мекемесі халыққа жариялаған 2010 жылдың есебінде өте қызықты деректерді алға тартады. Тек қана Лондонның өзінде бір жыл ішінде 1400 ағылшын Ислам дінін қабылдаған. Ал, ел бойынша 5200 адам мұсылмандар қатарын көбейткен. Бұл жыл сайын олардың саны 2 есеге көбейеді деген сөз! Мұның бәрі ресми мәліметтер екенін ескерсек, мүміндердің нақты саны бұдан бірнеше есе көп деп айтуға болады. Улыбританиядағы мұсылмандар негізінен Пәкістан мен Үндістаннан қоныс аударғандар. Алайда, соңғы жылдары ағылшындардың да Ислам дінін қабылдай бастағаны анықталды. Осыдан 10 жыл бұрынғы санақты ел мүміндерінің саны 1 миллион 647 мың болса, бүгінде 2 миллион 870 мың адамды құрады. Бұл пайғамбарымыздың үмбеттері жөнінен Еуропада үшінші ел атанды деген сөз. Алманияда 4 миллион 117 мың, Францияда 3 миллион 574 мың мұсылман өмір сүреді.
|