Ұйықтар алдында банан жеу өте пайдалы. Бананның құрамында серотонин мен мелатониннен басқа бұлшық еттерді босаңсытатын магний элементі болады. Бұдан басқа түймедағынан дайындалған шай (ромашковый чай) ішудің маңызы зор. Ағзаны тыныштандыратын сусындар арасында алдыңғы орында тұрған бұл сусын ұйқы шақыратын қасиетке ие. Англия мен АҚШ-та ұйықтар алдында жылы сүт ішу әдетке айналған. Сүттің құрамында ағзаны тыныштандыратын триптофан деген амин қышқылы мен триптофанның миға сіңірілуіне көмектесетін кальций элементі бар. Мұнан басқа сүт адам психикасына да ықпал етеді. Жылы сүтке немесе өсімдік шайларына шамалы бал қосып ішсе, нәтижесі тіптен керемет болады.
|