Алтыныңа сенгенше,
ақылыңа сен.
Үйдегі сөз базарға жарамайды.
Кісіде ақыл болмаса,
Көз дегенің құр әйнек.
Орақ ұстап әкең қалғанша,
Оймақ ұстап шешең қалсын.
Атың жүрдек болса,
Қамшы не керек.
Табыстың бір ұшы білекте,
Бір ұшы жүректе.
Көрге кірген тірі шықпас,
Үйге кірген құр шықпас.
Ұры айдан қорқады.
Жаманның кесепаты бір шақырым
ілгері жүреді.
Қателескеннен қатені түзетпеген жаман.
Мұздан өтсең, ағып өт,
Ойылғанша өтерсің.
Судан өтсең, сабыр ет,
Сарқылған соң кетерсің.
Бір әке он баланы баулып шығар,
Он бала бір әкені ауырсынар.
Жейін десе-тісі қақсайды,
Берейін десе-іші ашиды.
|