Қазыбек биге бір адам «кім жақын, не қымбат, не қиын?» деген үш сұраққа жауап беріңізші деп қиылып отырып алыпты. Сонда Қазыбек былай деп жауап қайтарған екен: 1.Тату болса, ағайын жақын, Ақылшы болса, апайың жақын, Инабатты болса, келінің жақын. Алдына тартқан адал асың, Қимас жақын-қарындасың. Сыбайлас болса, нағашың жақын. Адал болса, досың жақын. Еркелейтін немерең жақын. Өз ұрпағың-шөберең жақын. Жан серігің жас кезіңнен Бәрінен де әйелің жақын.
2.Алтын ұяң-Отан қымбат, Құт берекең-атаң қымбат. Аймалайтын анаң қымбат, Мейірімді апаң қымбат, Асқар тауың-әкең қымбат. Туып-өскен елің қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат, Ұят пен ар қымбат. Өзің сүйген жар қымбат.
3.Арадан шыққан жау қиын, Таусылмайтын дау қиын, Шанышқылаған сөз қиын. Дәл осындай жағдайда, Пана болмас өз үйің. Жазылмаса дерт қиын, Іске аспаған серт қиын, Ақылыңнан адасып, Өзің түскен өрт қиын. Тентек болса ұл қиын, Не істеріңді біле алмай, Ашиды сонда бас, миың.
|