Жақсы жігітпен тұрмыс құрып, бала сүйіп, ана атану кез келген қыздың арманы болса керек. Алайда ұнатқан жігітінен жақсы күйеу шыға ма, жоқ па, ол жағын өмірлік тәжірибесі аз бойжеткен анық біле бермейді. Сондықтан төмендегі кеңестер күйеуге шығатын қыздарға көмектеседі деп ойлаймыз. -Егер отбасыңыздың іргесі мықты болуын қаласаңыз, сүйіктіңізбен мәңгілік бірге ғұмыр кешкіңіз келсе, ұнатқан жігітіңізге күйеуге шығуға асықпаңыз. Оның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, өзгелермен қарым-қатынасына назар аударып, ол туралы ұсақ-түйек мәселелерге дейін біліп алыңыз. Ол үшін жігіттің жанында көбірек уақыт өткізгеніңіз дұрыс. Күйеу таңдағанда оның қандай нәрселеріне баса назар аудару керек деген сұраққа психологтар былай жауап береді: -Ең алдымен ол сізді сүюі және сыйлауы қажет. Оның сізге көзқарасы қандай? Соны анықтап алыңыз. Кейбір жігіттер сүйе алғанымен, әйелді сыйлай білмейді. Ал ондай жігіттерден жақсы күйеу шықпайды. -Оның темпераментіне де назар аударыңыз. Психологтар темпераменті сәйкес келетін ерлі-зайыптылардың ұзақ та бақытты өмір сүретінін айтады. Мысалы, холерик пен сангвинник, сангвинник пен флегматик, флегматик пен меланхоликтер бір-біріне сәйкес келеді. -Кейбір қыздар ерлі-зайыптылардың мінездері әртүрлі болса, бір-бірін толықтырып отырады деп ойлайды. Ол қате түсінік. Ұқсастықтары аз адамдар арасында жанжал жиі туындайды. -Оның мінезіне де көп көңіл бөліңіз. Егер оның кейбір мінездері сізге ұнамай, бірақ сіз оған көз жұма қарап жүрсеңіз, күйеуге шығуға асықпай қоя тұрыңыз. Себебі жылдар өте оның соңы ажырасумен бітуі мүмкін. -Ұнатқан жігітіңіздің қандай отбасында өскеніне көңіл бөліңіз. Оның ата-анасымен қарым-қатынасы қандай, үйде кім басшылық жасайды, ақшаны кім ұстайды, осының бәрін біліп алғаныңыз жөн. Себебі адамның қандай отағасы немесе отанасы болатыны бала кездінде-ақ түпсанасында тізіліп қояды. Нашар отбасыдан шыққан жігіт жақсы күйеу болмайтынын есте ұстаңыз. Отбасы құрар алдында қателеспес үшін біліміңізді жетілдіргеніңіз жөн. Еркектердің психологиясы туралы кітаптарды көп оқыңыз. Әйел мен еркек арасындағы айырмашылықтарды біліп, еркекті сол қалпында қабылдауды үйреніңіз. Сонда орындалмас арманның соңында жүрмейтін боласыз. Жалғасы бар...
|