Жақсы жігітпен тұрмыс құрып, бала сүйіп, ана атану кез келген қыздың арманы болса керек. Алайда ұнатқан жігітінен жақсы күйеу шыға ма, жоқ па, ол жағын өмірлік тәжірибесі аз бойжеткен анық біле бермейді. Сондықтан төмендегі кеңестер күйеуге шығатын қыздарға көмектеседі деп ойлаймыз. -Егер отбасыңыздың іргесі мықты болуын қаласаңыз, сүйіктіңізбен мәңгілік бірге ғұмыр кешкіңіз келсе, ұнатқан жігітіңізге күйеуге шығуға асықпаңыз. Оның мінез-құлқына, жүріс-тұрысына, өзгелермен қарым-қатынасына назар аударып, ол туралы ұсақ-түйек мәселелерге дейін біліп алыңыз. Ол үшін жігіттің жанында көбірек уақыт өткізгеніңіз дұрыс. Күйеу таңдағанда оның қандай нәрселеріне баса назар аудару керек деген сұраққа психологтар былай жауап береді: -Ең алдымен ол сізді сүюі және сыйлауы қажет. Оның сізге көзқарасы қандай? Соны анықтап алыңыз. Кейбір жігіттер сүйе алғанымен, әйелді сыйлай білмейді. Ал ондай жігіттерден жақсы күйеу шықпайды
...
Толығымен (Подробнее)»
Категория:
Неке
|
Просмотров:
1426
|
Добавил:
модератор
|
Дата:
22.10.2011
| |