Жалғасы... Сүрбойдақ жігітке жеті кеңес -Әр адамның талғамы әртүрлі болады. Біреулер қыздардың келбетіне көңіл бөлсе, келесі біреулерге оның тірлікке пысық болғаны керек. Ал енді бір жігіттер қыздың шыққан тегіне қарайды. Оның бәрі дұрыс. Бірақ жігіттер жар таңдауды машина таңдаумен шатастырып алмағаны жөн. Кемшіліксіз адам болмайтыны есте ұстаңыз. -Құрған отбасыңыздың босағасы берік болуы үшін махаббат керек. Бірақ оның өзі бақытты болудың кілті емес. Жар таңдағанда өзіңіздің тілектеріңіз бен ұстамыңызды анықтап алыңыз. Егер сіз оптимист және көңілді жүретін, әзілді сүйетін адам болсаңыз, меланхолик әйел сізге сәйкес келмейді. Біреуіңіз қалжыңдап, екіншіңіз оған ренжіп отырар болсаңыздар, араларыңызда түсіністік болмайды. -Егер сіз үйіңіздің жинақы, таза, барлық заттар орын-орнында тұрғанын қалайтын болсаңыз, онда сізге шаруаға пысық қызды таңдау керек. Көзқарастарыңыздың сәйкес келуіне де көңіл бөлгеніңіз жөн. Мысалы, кейбір еркектер әйелінің жұмыс істегенін қаламайды. Олар отбасыны өзі жұмыс істеп асырағанды жөн көреді. Мұндай жігіттерге қызмет сатысымен көтеріліп, өзі табысқа жеткісі келетін қыздар сәйкес келмейді. Осы жағына да назар аудару керек. -Сондай-ақ қыз бен жігіттің ақшаға деген көзқарасы да маңызды роль атқарады. Біреуі ақшаны үнемдеп жұмсағанды қалап, енді бірі оны шашып-төгіп жұмсайтын болса, бұл да отбасындағы жанжалға себеп. Сондықтан үйленетін қызыңыздың ақшаны қалай жұмсайтынын да алдын-ала біліп алғаныңыз жөн. -Бала өмірдің мәні болуымен қатар, әйел мен еркектің қарым-қатынасының нығаюына себепкер. Сондықтан үйленетін қыз бен жігіттің бала тәрбиесіндегі көзқарастары бір-біріне сай болуы керек. Мысалы, бірі көп балалы болуды армандап, ал екіншісі оны қаламаса, ондайлар бір-біріне сәйкес келмейді. Егер ұнатып жүрген қызыңыздың 20 жылдан кейін қандай әйел болып шығатынын білгіңіз келсе, оның анасын көріңіз. Үйленетін қызыңыздың отбасымен алдын-ала танысып алу да артық етпейді. Алдын-ала кейінгі өміріңіз қалай болады, таңдаған қызымнан жақсы жар шыға ма деп көп уайымға салынбаңыз. Себебі жыл өткен сайын адамның өмірге деген көзқарасы, сезімі өзгере бастайды. Тіпті өзіміз де өзгереміз. Сондықтан үйленетін қызыңызды ұзақ таңдап уақыт өткізіп алмаңыз. Оның өзіңіз бағалайтын қасиеттерін байқасаңыз, бір-біріңізді сүйетін болсаңыздар, өмірге деген көзқарасыңыз ұқсас болса, онда ойланбастан үйленуге болады.
|