Күйдіретін қалақай (жгучая крапива) тұнбасы: күйдіретін жас қалақайды дайындау үшін оны арақпен 1:5 қатынасында жақсылап араластырады. Қоспаны біраз уақыт тұндырып қояды. Дайын болған тұнбаға бинтті батырып алып, күйген жерге қояды.
Қалақайдың гүлдерінен жасалған тұнба: 30 г қалақайдың гүліне 1 литр қайнаған су құяды. Соңынан сүзгіштен өткізіп алу керек. Дайын болған тұнбаны терінің сыртынан компресс түрінде қолданады.
Шіки картоптан жасалған компресс: тазартылған шикі картопты ұсақ көзді үккіштен өткізіп алу керек. Оны таза матаға орап, науқастың күйген жеріне қояды. Компресс жыли бастағанда, оны ыстығымен ауыстырып отыру керек.
Шикі жұмыртқа: терінің немесе ауырған аймақтарына шикі жұмыртқа жағу тиімді әсер етеді. Ол үшін жұмыртқаның ақуызы да, сарыуызы да пайдаланылады. Жұмыртқаны теріге кеппей жатып, үстін жаға беру қажет. Бұл процедура ауру сезімі басылғанша жалғасады. Сосын ауырған жерді жууға болады.
|