Әнші Мәдина Садуақасова:-Мен кадрда ғана әдемімін. Ал өмірде өзімді хас сұлумын деп айтудан аулақпын. Қазақтың қарапайым қызымын... Шыны керек, телевидение-келбетті жандарды «ұнатады». Сондықтан ажарлы көрінуі үшін жұмыс істеуің шарт. Сол мақсатта айына бірнеше рет косметологқа барып, бет күтімін жасаймын, спортпен айналысамын, сары уайымға салынбауға тырысамын. Адамның ажарына бұның да айтарлықтай септігі бар. Жалпы, сахнадан тыс уақытта жарқ-жұрқ еткен тіршілікті, бірден байқалатын бояуды құп көрмеймін: Себебі, адам баласы одан да шаршайды екен... («Керек кеңестер», №1, 2013ж)
|