Пияз бауыр мен өт жолдарына ем. Үстіне шекер сеуіп, буға пісірілген пияз бауыр мен өт жолдары ауруларына ем болады. Пияздың тұқымын суға қайнатып ішсеңіз, бүйрек ауруларына дауа. Осы қайнатпаны 1/1 мөлшерінде піскен сүтке араластырып ішсеңіз, көзіңіздің қуаты артады.
Аскөк ұрығы сүт мөлшерін көбейтеді. Бала емізіп жүрген әйелдің сүті азайса, аскөктің ұрығын қайнаған суға салса, суыңқыраған соң шекер салып ішсе, сүт көбейеді.
|