 Қабығын аршыған шикі картопты ет тартқыштан өткізіп, салқын суға салып жуып, қолма-қол дәкеге сүзіп, суын тұндырып қойса, крахмалы ыдыстың түбіне шөгеді. Осы кезде суын төгіп тастап, крахмалын кептіріп, шыны ыдысқа салып сақтап қою керек. Соның 100 грамын жарты килограмм балға араластырып, күніне ас ішердің алдында жарты сағат бұрын бір шай қасықтан 3 рет жесе асқазан, ұлтабар жарасын емдеуге таптырмайтын ем. 100 грамм крахмалды 100 құмшекерге араластырып келіге түйіп, күніне бір шай қасықтан 3 рет ішіп жүрсе, асқазан, ұлтабар және ішектегі жараларды жазады. Ал асқазан қышқылы көбейгенде бір шай қасық крахмалды қайнатып, суытылған бір стақан суға салып араластырып, күніне 50 грамнан үш мезгіл ішіп жүрсе, асқазан қышқылын қалыпты жағдайға келтіреді. Әрине, дәрігеріңізбен кеңесіп жүрген жөн.
|