Шоңға сәлем берем деп Байдалының бір жас баласы келіпті. -Қай баласың?-дейді Шоң. -Байдалының баласымын,-дейді бала. -Байдалының мен көрмеген қай баласысың? -Жалға жүріп бұланбаған баласымын. Топқа түсіп сыналмаған баласымын. Әкем тірі болды, ағам ірі болды, Сондықтан билік құра алмаған баласымын,-дейді. Сонда Шой балаға тура қарап: «Қасқа айғырдың баласы қасқа тумаса да, төбел туады деген осы екен-ау»,-депті.
|