Білікті мамандар осылай деседі. Олардың пікірінше байлық та, дәулет те адамға шынайы бақ болып орнауы үшін, оған кез-келген жан, өзі еңбектеніп қол жеткізуі тиіс. Ол үшін мына қағидаларды қаперде ұстаңыз. -Қандай жағдай болмасын, асығыс шешім қабылдамау. -Күнделікті өміріңіздегі қиындықтар туралы, дос-жарандарыңызға шағынып, еңсеңізді түсірмеңіз. -Қандай жағдайда да, өзіңізді өзгелермен салыстырмаңыз. Ол сізге бақыт әкелмейді. -Бос отырған адамға, табыс ғайыптан келмейді. Сіз үшін ешкім ештеңе істеп бермейді. -Оқумен өткен күндер ғана өмір, ал қалғаны жай күндер. -Әрдайым ізденісте болыңыз. Интеллект, білім-ақша табудағы ең басты құрал. -Жеке мәселелерді өзіңіз ғана шеше аласыз. -Кемелденуге ұмтылу. Рухани кемелденген жанды табыс, өзі іздеп келеді. -Әр күніңізді қадірлей біліңіз. Әр күнге есеп беріп, ертеңге жоспар жасайтын болсаңыз уақытты ұтасыз.
|