Ассалаумағалейкүм, нар Кемпірбай...
Қадірменді оқырмандар! Кемпірбай ақынның Әсет ақынға жауабын өздеріңіздің өтініштеріңіз бойынша қайталап толықтырып беріп отырмыз.Кемпірбай ақын ауырып жатқанда Әсет ақын көңілін сұрай келеді. Әуелі Әсет Кемпірбайға көңілін сұрай өлең айтады.Боз шапса, боз озбай ма буырылдан,Мен шапсам жер танабы қуырылған.Жай тастап құлашымды алып жылдам Жабының күнде озушы ем тұғырынан.Біреумен алтын жүзді дос-жар болмақӨзіңнің бойға біткен пиғылыңнан.Келсе де тоқсан ақын торай бермей,Мен дағы озып жүрмін ығылымнан.Ер Дәуіт жеті жаста иектеген,Жасынның суын ішіп құдығынан.Тереңдеп Сырдың суы қаптаса да,Сонда да келмеуші еді жұлығымнан.Әй, Әсет, осынау дерттен мен өлемін,Науқасым меңдеу тартты бұрынғыдан.Ұшса да қанат байлап аспанменен,Өлімнің кім құтылар құрығынан,Сұрасаң хал-жайымды, Әсет жаным,Жатырмын ұшайын деп тұғырымнан.Әсетжан, осы аурудан өлем білем,Алланың аманатын берем білем.Кеудемнен көкала үйрек «хош» деп ұшты,Сол шіркін, кәрі жолдас өлең білем.Басымда отырды өксіп қимай тоқтап,Кете алмай бөтен жаққа айналсоқтап.«Серігім хош-аман бол, Кемпірбай» депЖылады бұрынғы өткен күнді жоқтап.Әсетжан, осы ауру қоймас біллем,Алланың әмірі екі болмас білем.Қамығып «хош» деп жылап ұшып кетті,Осы өлең Серкебайға қонбас білем.Сәлем айт, Арқадағы хан-қараға,Қара Ертіс, Қарқаралы жандараға.Атығай, Қарауыл мен өрдегі Үйсін,Семейде топырағым болар білем,Кемпірбай дұға қылсын бейшараға.
|