Кәдімгі алманы кептіріп, қақ жасауды бәріңіз білесіз. Сол кепкен алманы қантсыз суда қайнатып, үнемі сусын ретінде ішіп жүрсеңіз, қан айналымын жақсартады. Қан тамырларының қабырғаларын шлактардан тазартып, бойға қуат береді. Кепкен алманың жарты кг ұнтағын осындай мөлшердегі сары маймен араластырып, әрқайсысын бармақтың басындай етіп домалақтап, мұздатқышқа қойыңыз. Күніне жатарда соның бір данасын жесеңіз, жатырдың қабыну ауруларына ем болады. Жарты келі балға осындай мөлшердегі алма ұнтағын араластырып, күніне бір шай қасықтан үш мезгіл ішіп жүрсеңіз, бауыр, бүйрек, қуық сырқаттарына таптырмайтын ем болмақ.
Саийд Юлдашәлі Қазақстан Республикасының 1-дәрежелі халық емшісі («Алтын босаға» № 02 сәуір-мамыр 2013ж)
|