Теңізде келе жатқан кеме апатқа ұшырап батып кетеді. Жандәрмен дегенде ақырғы күшін салып елсіз шағын аралға жеткен еркектің алдынан бұл да осы аралға жетіп зорға тірі қалған әйелі шығады: -Бір тәулік бойы тентіреп қайда жүрсің? Кеменің батқаны кеше емес пе!