Ұзақ тұрмайды
Кәрі күйеуге жас келіншектің тұрақтауы қиын; Қызғаншақ ханымға көрікті сұлу әйел қызметкер ұзақ тұрмайды.
Өте сүйкімді
Іске тындырымды әйел; Тілалғыш ұл; Көп сөзге жоқ келін; Қариялармен сөйлескісі келіп тұратын жас жеткіншек-осылардың бәрі де сүйкімді, жүрегіңді жылытып тұрады.
Сүйкімсіз келеді
Бастықтың қабылдауында отырған жағымсыз шенеунік; Саудайы саудагер секілді кісінің бұлтаң мінез-құлқы сүйкімсіз келеді. Жақсылық таппайсың Жанұяның шырқын бұзып екінші рет тұрмысқа шықсаң, жақсылық таппайсың.
|