Кісі үйіне кірерде төмендегідей әдеп салттарын сақтау керек болады: 1.Алдымен үй иесін алдын ала хабардар етіп, содан соң есікті қағып, яки жөтеліп белгі беріледі. 2.Егер үй иесі сізді естіген болса, сыртта тұрып-ақ «Ассалаумағалейкум!» деп дауыстап сәлем беріңіз. Үйге кіруге рұқсат сұраңыз. Егер сәлеміңізге жауап естімесеңіз, арасына үзіліс салып, үш мәрте қайталаңыз. 3.Бұдан соң да үй иесі тарапынан «Кіріңіз» деген жауап естілмесе, тез арада кетіп қалғаныңыз дұрыс. 4.Ал үй иесі есігін ашпай: «Бұл кім?» деп сұраса, сіз өз аты-жөніңізді, кім екеніңізді нақты айтуыңыз керек. Әрі-бері бұлтаруға, «сіздің досыңыз едім», «пәленшенің-екеңнің танысы едім», «туыс-жақыны едім» деп міндетсінуге қақыңыз жоқ. 5.Әрине, кісі үйіне оның иесімен бірге барсаңыз, ешкімнен рұқсат сұрап әуре болмайтыныңыз түсінікті.
|