Атеросклероз кезінде ұйықтар алдында ¼ стақан салқын сүтке 1 ас қасық балғын картоп шырынын қосып, ішіп тұрыңыз. Стенокардия кезінде 0,5 қайнаған сүтке 1 стақан қызылша шырынын қосып, үстіне сәл қант пен бал қосып, араластырыңыз. Тоңазытқышта шыны ыдыста 3 күннен артық сақтамаңыз. Бір айға жуық ұйықтар алдында жылы күйде 1/5-1 стақан ішу керек. Инфаркт пен миокардада 2-3 шай қасық итмұрынның (шиповник) тұнбасын 50 мл жылы сүтпен араластырыңыз. Тамақ алдында 2 сағат бұрын бір аптаға жуық қабылдаңыз. Кейін 10 күнге жуық үзіліс жасап, емді қайта жалғастырыңыз. Бауыр ауырғанда күн сайын ашқарынға 1 стақан сүтке 1 сәбіз шырынын қосып ішіңіз. Осыдан кейін 1 сағатқа жуық ештеме жемеңіз.
|