Біз көбіне қыз баланың тәрбиесі жөнінде жиі айтамыз да, ұл баланың тәрбиесіне аса мән бермейміз. Бәлкім, сондықтан болар, бүгінгі таңда ұландарымыздың көбі қыз мінезді, жасық болып бара жатқандай көрінеді. Тәрбиеленген ұлыңыз болашақта күшті де батыл, епті де епсекті азамат болсын десеңіз десеңіз, қазірден бастап солай ержетуіне жағдай жасаңыз. -Отбасыңызда өсіп келе жатқан азаматтың тәрбиесі мен дамуына ерекше көңіл бөліңіз. -Оны неге үйрету керек, нені білуі керек екенін жоспарлаңыз. -Оған «бала» ретінде қарауға болмайды. -Ұл мен қыздың арасындағы психикалық, қылықтық айырмашылықтар балалық шақтан басталады. Сондықтан ұлға қыздың тәрбиесімен бірдей тәрбие беруге болмайды. Қаталдау қараудың да зияны жоқ. -Әкенің көңілінен шығатын іс жасауға дағдыландырған абзал. -Ер баланың қолы қашанда жұмыстан босамауы тиіс. Кішкентайынан айналысатын нәрсе тауып беріп отыру керек. Қыз баламен салыстырғанда ұл баланы аз еркелеткен ләзім. -Ер балаға еш уақытта: «Бұл сенің әлің келетін нәрсе емес»,-деп айта көрмеңіз. -Ер азаматтардың ортасында көбірек болуын қарастырыңыз. -Үйдегі шегеге дейін арнайы шебер алдырып қақтырмай, мұндай істерді ұлыңызға сеніп тапсырыңыз. -Баланы ерлерше тәрбиелеуді 3 жастан бастау керек. Бұл жаста баланың бойында бетінен қайтпайтын қайсарлық, ойлаған нәрсесін істеуге әрекеттену, еркіндікті сезіну байқалады.
(Керек кеңестер, №2 2012 ж)
|