Воскресенье, 07.12.2025, 08:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 22
Гостей: 22
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Ноябрь » 28 » Мұрын мен құлақ қызметі, сезімталдығы
Мұрын мен құлақ қызметі, сезімталдығы
11:33
Мұрын-адамның тыныс алу, иіс сезу мүшесі. Оның үстіндегі тері жұқа да тығыз. Май бездері мұнда  көп. Ең көп май бездері мұрынның екі танауында орналасқан. Оны көзбен де көруге болады. Өйткені, ол үлкен. Осы бездерге шаң, тозаң қонғанында ол тығындалып қалады да мұрында қара нүктелер пайда болады. Адам мұрнының ұшы тез қызарып шыға келетіні мәлім. Егер де адамның терісі өте сезімтал болса, ол ашық аспан астында, ауада жұмыс істегенінде мұрыны ең бірінші қызарып, сыр беріп қояды. Мұрын үстінің қызаруына, терісінің түлеп түсуіне ең басты себептер мыналар: мұрын терісінің өте жұқалығы, тым тартыңқылығы, оған күннің көп түсуі. Мұндай жағдайда сақтану шарасы: мұрынға опа немесе крем жағу.
Мұрынның ішкі жақтарында түктер бар. Адам егде тартқан сайын ол жуандап, сыртқа шығады. Оны жұлған дұрыс емес. Олай жасасаңыз, мұрын терісі зақымданады, асқынып кетуі мүмкін.

Мұрынды жуу, майлау
Мұрынға жатар алдында крем, вазелин немесе сары май жаққан жақсы. Мұрынның қызылы кеткенше оны сабынмен жумайды. Егер де мұрынның үсті қатты қызарып ауыратын болса, оған бірнеше рет арнайы крем жағады. Мұрынның терісі түлеп түссе, оған өсімдік майы өте пайдалы.
Суықта далаға шығарда бетті жумаған жөн. Әйтпесе, мұрынды аязға үсітіп алуың мүмкін. Жусаң әбден кептірмей, далаға шықпаңыз. Сыртқа шығарда мұрынға крем жағуға болады. Кешке ұйқыға жатарда мұрынның үстін камфора спиртімен сүртіп қойыңыз. Мұрынның пішімін (формасын) түзету үшін оған операция жасайды. Негізінен, мұрын көбінесе соққыдан, сырқат салдарынан  өзгеріп, сиықсызданады. Туа біткен деформациялық мұрындар да болады. Мұрын түсіңкі немесе ұзын болса, ұшын кестіреді. Танау үлкен болса, екі жағындағы тканьді кесіп, сөйтіп оны кішірейтеді. Қоңқақ мұрынды да түзейді. Мұрынға іш жағынан да, сыртынан да операция жасай алады. Мұрын қатты жарақаттанғанында, оған тері жапсырады. Бұл операциялардың бәрін дәрігер-маман жасауға тиіс.
Жалғасы бар...
(«Шипагер», №19, 2011)
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 2939 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/1 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz