Жалғасы ... Құлақтың қызметі, құрылымы Құлақ-есту органы. Ол дыбыс өткізетін және қабылдайтын екі бөлімнен тұрады. Сыртқы есту түтігі, дабыл жарғағы, ортаңғы құлақ қуысы, балғашық, төс, үзеңгі, шағын дыбыс қуысы, ұлу, евстахий түтігі. Сыртқы құлаққа: құлақ қалқаны, сыртқы есту түтігі, ортаңғы құлаққа: есту сүйекшелері жатады. Ішкі құлақта құлақ құрышы, онда сезімтал есту клеткалары мен вестабулар аппараты-тепе-теңдік органы орналасқан. Құлақтың әр түрлі бөлімдері қабынып ауырады. Сол кезде адам естімей қалып, қиналады. Мұрын мен мұрын-тамақ жолдары сырқаттанса, евстахиев түтігі қабынуының салдарынан дабыл қуысына ауаның келуі қиындайды, дыбыс өткізгіштік бұзылады. Бұл қабыну ұзаққа созылса, ортаңғы құлақта жапсырма және тыртық пайда болады, құлақ көмескі естиді. Бала құлағының мүкістігі аденоидтен (тамақ-мұрын бездерінің ұлғаюы). Контузия болып, бас сүйегі жарақаттанса да, ми қыртысы қабынса да, қан тамыры склерозға ұшыраса да есту қиындайды. Құлаққа құлық қатып, тесігін мүлдем бітеп тастаса да естілмейді. Бас шайқалса да құлақ естімей қалады. Құлақ ауырғанда, есту нашарлағанда дәрігерге қаралу қажет, олардың кеңесімен есту аппаратын сатып алып, пайдаланған жөн. Мұндай операцияларды қалқан құлақтарға жасайды. Үлкен құлақты кішірейтіп, қалқан құлақтың жарғағының айналасындағы теріні кесіп, тігіп тастайды. Бұл тігістердің бәрі құлақтың артқы жағынан түседі де, сырт көзге байқалмайды. Құлаққа операцияны дәрігер маман жасайды.
|