Еврей халқында өзім ұнататын мынадай қасиет бар: олар өзін-өзі зерттей, тани жүреді. Жастары білім алған соң он-он бес жыл түрлі, бір-біріне ұқсамайтын жұмыстарды істеп өзінің қабілетін, қандай іске қызығатынын өзі тексереді. Сөйтеді де жақсы білетін, жақсы көретін, осы салада өз мүмкіндігімді толық игеремін-ау дегенін ұстайды, біреуі саясатты, біреуі дінді, біреуі кәсіпкерлікті, біреуі етікшілікті таңдайды, бірақ әрбірі өз ісінде жетістікке жетеді, сол істе үздік болуға ұмтылады. Мырзакелді Кемел "Ақыл қалта" "Аударма"баспасы Астана, 2007ж, 67б.
|