Главная » 2012»Сентябрь»27 » Машина атамның тыл еңбегіне қатысқан, зейнеткердің иелігінде. Көлікке деген...
Машина атамның тыл еңбегіне қатысқан, зейнеткердің иелігінде. Көлікке деген...
17:07
Сұрақ: Машина атамның тыл еңбегіне қатысқан, зейнеткердің иелігінде. Көлікке деген салықтан босатылу үшін қандай құжаттар қажет? Балжан
Жауап: Кезекті техникалық қарау өткен кезде көлік құралына төленетін салықтан босату құқығын беретін құжатты ұсыну тиіс. Бұл жағдайда ҰОС кезінде тыл еңбеккері болғаны және жеңілдік туралы ескертпесі бар зейнеткер куәлігі тиісті құжат болып табылады. Қосымша Сізге Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) кодексінің 365 бабын ұсынамыз: 365-бап. Салық төлеушiлер 1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады. Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп тануға құқылы. Бұл ретте, заңды тұлғаның шешімі немесе осындай шешімнің күшін жою осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын дербес төлеуші деп танылған жағдайда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі. 2. Лизинг алушы қаржы лизингi шарты бойынша берiлген (алынған) салық салу объектiлерi бойынша көлiк құралы салығын төлеушi болып табылады. 3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, мыналар: 1) жалпы меншік құқығында өзінің мүшелеріне тиесілі және өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіру, сақтау және өңдеу процесінде тікелей пайдаланылатын, меншік құқығындағы мынадай көлік құралдары бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілер: двигателінің көлемі 2500 текше сантиметрге дейінгіні қоса алғанда, бір жеңіл автомобиль; 1:1 қатынасты сақтай отырып двигателінің шекті жиынтық қуаты 1000 гектар егістікке (шабындықтарға, жайылымдарға) 1000 кВт мөлшеріндегі жүк автомобильдері. Бұл ретте, егер есептеу қорытындылары бойынша көлік құралдарының саны 0,5-тен бастап және одан жоғары бөлшекті мәнімен біреуден көп бірлікті құрайтын жағдайларда, мұндай мән тұтас бірлікке дейін дөңгелектеуге жатады, егер 0,5-тен төмен болса, дөңгелектеуге жатпайды. Егер есептеу қорытындылары бойынша жүк автомобильдерінің саны бір бірліктен аз болған жағдайда, двигателінің қуаты барынша аз бір жүк автомобилі босатылуға жатқызылады. 2) өзінің ауыл шаруашылығы өнімін өндіруде пайдаланылатын мынадай мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасы бойынша бірыңғай жер салығын төлеушілерді қоса алғанда, ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер: сүт немесе ауыл шаруашылығы мақсаттарына су тасымалдауға арналған автомобиль-цистерналар; ветеринария қызметінің автомобильдері, автозообиологиялық зертханалар, автожемтасығыштар; автотиеуіштер, дән сепкiштерге автоқұйғыштар; тыңайтқыш енгiзуге арналған автомашиналар; ұшақтарға минералдық тыңайтқыштарды және улы химикаттарды автотиеуiштер; тең штабельдерiн автотасымалдауыштар; автоулыжемшашқыш; пәлекжинағыш машиналар; а/ш АН-2 әуе кемесi; өздiгінен жүретiн дестелегiштер; астық жинағыш комбайндар; доңғалақты тракторлар, өздігінен жүретiн шассилер және оңтайлы энергетикалық құралдар; мал азығын жинағыш комбайндар; ауыл шаруашылығы машиналарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету жөнiндегi автомобиль-шеберханалар; өздiгінен жүретiн шөп шапқыштар; маялағыштар; жинағыш комбайндар (тамыржемiстiлердi, картопты, қызанақты, көк бұршақты, мақтаны және басқа да ауыл шаруашылығы өнімін жинауға арналған); 3) мемлекеттік мекемелер; 4) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушылар, соларға теңестiрiлетiн адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусымнан 1945 жылғы 9 мамырға дейінгі аралықта кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет еткен) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жан қиярлық еңбегi мен мінсiз әскери қызметi үшiн бұрынғы КСР Одағы ордендерiмен және медальдарымен наградталмаған адамдар; 5) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – меншiгiнде мотоколяскалары мен автомобильдерi бар мүгедектер; 6) салық салу объектiсi болып табылатын бiр автокөлiк құралы бойынша – Кеңес Одағының Батырлары мен Социалистiк Еңбек Ерлерi, "Халық қаhарманы", "Қазақстанның Еңбек Ері" атақтарына ие болған, Даңқ орденiнің үш дәрежесімен және "Отан" орденiмен наградталған адамдар, "Ардақты ана" атағын алған, "Алтын алқа", "Күмiс алқа" алқаларымен наградталған көп балалы аналар; 7) ауыл шаруашылығы құралымынан шығу нәтижесiнде пай ретiнде алынған, пайдалану мерзiмi жетi жылдан асқан жүк автомобильдерi бойынша жеке тұлғалар көлiк құралдары салығын төлеушiлер болып табылмайды. Юрист Адина А.