Бекболат биге
Мен пайғамбардан бастасам,-Әңгімеге кетермін,Едігеден бастасам,-Ертегіге кетермін.Келтесінен қайырсам-Сөз түбіне жетермін.Енді сізге не дермін:Бай болмаған бай болса,-Жайламаған сай қоймас,Би болмаған би болса,-Айтылмаған сөз қоймас,Хан болмаған хан болса-Қанамаған ел қоймас.Баласын мақтар бас жаман,Қатынын мақтар қас жаман.Алыстағы дұшпаннан,Аңдып жүрген дос жаман,Бір бие бітпей бие болмас,Бір түйе бітпей түйе болмас,Өз малын кізнеген,Кісі малын іздеген,Түбінде өз малына ие болмас!
|