Воскресенье, 07.12.2025, 07:55
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 7
Гостей: 7
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Ноябрь » 21 » Менин агам айелинен ажыраскан болатын. Бирак ози жумыссыз. Алимент толеуге...
Менин агам айелинен ажыраскан болатын. Бирак ози жумыссыз. Алимент толеуге...
12:07
Сұрақ: Салеметсиз бе! Менин агам айелинен ажыраскан болатын. Бирак ози жумыссыз. Алимент толеуге миндетти ме жумыста болмаса да? Ажыраскан кезде сот орындаушылары 2 уйди болип берди. Агам жумыс жасамаса да сол уйдин пропискасында турган адамнан алимент талап ете ала ма? (Диана)

Жауап: Сәлеметсіз бе! Бұл жағдайда ағаңызға алимент төлеуге тура келеді. Себебі  Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi» туралы 2010 жылғы 2 сәуірінде қабылданған Заңның 99 бабында борышкердің жалақысы (айлығы) болмаған жағдайда алимент өндіру жағдайлары көрсетілген. Алайда сіздер алименттің мөлшерін сот арқылы ағаңыздың қиын материалдық жағдайын көрсете отырып өзгерте аласыз.
Қосымша сізге  Қазақстан Республикасының «Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi» туралы 2010 жылғы 2 сәуірінде қабылданған Заңнан үзінділер ұсынамын:
 99-бап. Борышкердiң жалақысы болмаған жағдайда алимент
              өндiрiп алу тәртiбi
      1. Алимент төлемдерiн жалақыдан немесе өзге де табыстардан үш ай бойы қатарынан өндiрiп алу мүмкiн болмаған жағдайда олар борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алынады, бұған осы Заңның 61-бабына сәйкес өндiрiп алуға болмайтын мүлiк кiрмейдi.
      Мүлiктен өндiрiп алу туралы сот орындаушысы қаулы шығарады.
      2. Алименттер бойынша берешек мөлшерiн сот орындаушысы өндiрiп алушының таңдауы бойынша борышкердiң өндiрiп алу жүргiзiлмеген уақыт iшiнде алған не оның берешегi айқындалған кезде алған нақты жалақысын (табысын) негiзге ала отырып, шешiм орындалатын жерде белгiлейдi.
      3. Егер борышкер бұл кезеңде жұмыс icтeмeген немесе оның жалақысын және өзге де табысын растайтын құжаттар ұсынылмаған жағдайда, алимент бойынша берешек оны өндiрiп алу кезiнде тұрған өңiрдегi (облыстағы, астанадағы немесе республикалық маңызы бар қаладағы) орташа айлық жалақы мөлшерi негiзге ала отырып айқындалады.
      4. Борышкердiң алимент бойынша берешегi оны төлеуден жалтару салдарынан құралған жағдайда берешек сомасына Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 353-бабына сәйкес тұрақсыздық айыпақы есептеледi.
61-бап. Өндiрiп алуды қолдануға болмайтын мүлiк

      Борышкерге меншiк құқығы негiзiнде тиесiлi немесе оның ортақ меншiктегi үлесi болып табылатын, борышкерге және оның асырауындағы адамдарға қажеттi мүлiктiң мына түрлерiне атқарушылық құжаттар бойынша өндiрiп алуды қолдануға болмайды:
      1. Yй жасауының заттары, керек-жарақтар:
      1) аң терiсiнен тiгiлген және басқа да бағалы киiм-кешектер (eгep ең төмен күнкөрiс деңгейiн қамтамасыз ету үшiн оны алмастыра алатын өзге де киiм-кешек бар болса), асхана сервиздерiн, бағалы металдардан жасалған, сондай-ақ көркемдiк құндылығы бар заттарды қоспағанда, пайдаланылып жүрген киiм-кешек, аяқ киiм, iш киiм, төсек-орын жабдығы, ас үй және асхана керек-жарақтары;
      2) борышкерге және оның отбасы мүшелерiне ең аз мөлшерде қажеттi жиhаз (әрбiр адамға бiр төсек пен бiр орындықтан, отбасына бiр үстел, бiр шкаф және бiр сандық);
      3) балаларға арналған барлық жабдықтар.
      2. Егер борышкердiң негiзгi кәсiбi ауыл шаруашылығы болса, борышкер мен оның отбасы үшiн жаңа астыққа дейiн қажеттi мөлшердегi тамақ өнiмдерi, шаруашылық құрылыстары және борышкер мен оның отбасының қажеттiлiктерiн қанағаттандыруға қажеттi мөлшердегi үй малы, сондай-ақ малға арналған жем-шөп, ал басқа жағдайларда - тамақ өнiмдерi және жалпы сомасы ең төменгi жалақыдан аспайтын мөлшердегi ақша.
      3. Тамақ даярлауға және отбасының тұрғын үй-жайын жылытуға арналған отын.
      4. Борышкер соттың үкiмiмен белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айырылған немесе ол құрал-сайманды қылмыс жасау үшiн пайдаланған жағдайларды қоспағанда, борышкердiң кәсiби қызметiн жалғастыруына қажеттi құрал-сайман (оның iшiнде оқу құралдары мен кiтаптар).
      5. Мүгедектердiң жүрiп-тұруына арналған арнайы көлiк құралдары.
      6. Борышкер марапатталған халықаралық, мемлекеттiк және өзге де жүлделер.
      Сауда-саттық ұйымдастырушыларының сауда жүйелерiнде ашық сауда-саттық әдiсiмен жасалған репо операциялары бойынша оның нысанасы болып табылатын мүлiк осы репо операциялары жабылғаннан кейiн ғана өндiрiп алынуы мүмкiн.

Юрист Адина А.
Рисунок из сайта http://t0.gstatic.com/
Категория: Заңгер кеңесі | Просмотров: 2538 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Ноябрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz