Воскресенье, 07.12.2025, 08:57
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 24
Гостей: 24
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2011 » Октябрь » 29 » Оқушының денсаулығы дұрыс тамақтануына байланысты
Оқушының денсаулығы дұрыс тамақтануына байланысты
20:00
Ең алдымен баланың таңғы асты дұрыс ішуін қадағалау керек. Ол үшін кешке қарай балаңыздан таңғы асқа не жегісі келетінін сұрап алыңыз. Егер жағдайыңыз болса, оның өтінішін қанағаттандырғаныңыз дұрыс. Ал ең арзан әрі балаға күні бойы күш беретін ас-ботқа. Оны қарақұмықтан, күріштен, үнтақ жармадан, сұлу жармасынан болса да әзірлеуге болады. Олардың құрамына түрлі көкөністер мен жеміс-жидектерді үккіштен өткізіп қоссаңыз дәмі тіл үйірерліктей болмақ. Сондай-ақ таңғы асқа қайнатып пісірген тауық, сиыр еті, балық, жұмыртқа немесе омлет беру керек. Ал сусын ретінде шай, компот немесе какао берген дұрыс.
Кейбір балалар күн шықпай тамақтанғысы келмей, мектепке аш кетуге дайын тұрады. Ондайда жай сөзбен тым құрығанда аздан ішуін айту керек. Таңертеңнен дауыс көтеріп сөйлейтін болсаңыз, ол балаға кері әсер етіп, күні бойғы көңіл-күйінің бұзылуына себеп болады.
Сәскелік тамақты балалар мектептен жейді. Егер балаңыз асханаға бармайтын болса, оның тамақтануын өзіңіз ойлауыңыз керек. Сөмкесіне алма, банан, йогурт, 2-3 печенье, ішінде салындысы (начинка) бар бәліш, тәтті ақ ірімшік (сырок), нанның арасына ірімшік салып беруге болады. Бірақ нанның арасына шұжық пен піскен ет салуға болмайды. Сондай-ақ мектепте шоколад жеуіне тыйым салыңыз. Себебі шоколад жеген кезде баланың миы тоқ деген жалған ақпарат алады да, асқазаннан белсенді түрде сөл бөліне бастайды. Сөйтіп баланың тамаққа тәбеті жойылады. Екіншіден шоколад жеген баланың аузында тәтті орта пайда болады да, ол микробтардың көбеюіне жақсы жағдай жасайды. Сонымен қатар мектепте жеуге балаға банкідегі салатты беруге болмайды. Мектепте жейтін тағамының иісі қатты шығып тұрмауын да қадағалаңыз.
Есте ұстарлық бір жайт, баланың сабаққа апаратын тағамын қалай орап беретініңіз де маңызды рөл атқарады. Кітап, дәптерлері былғанып қалмас үшін салып берген тағамыңызды ас орайтын пленкаға орауға немесе пласмасса контейнерге салып беруіңізге болады. Бірақ оқушыға пленкаға орағаныңыз тиімді болмақ. Себебі олар көбінесе мектепте қолын жууды естен шығарып алады. Сондайда жейтін тамағын қолымен ұстамауына жақсы.
М. Жұмабек.
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1326 | Добавил: модератор | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Октябрь 2011  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz