Егер сізге ұйықтағанда қорылдайтыныңыз туралы ескертулер жасалса, одан құтылудың жолы оңай. Ең қарапайым тәсілі-бірнеше жастық қойып, басыңызды жоғарылатып жату. Бас неғұрлым жоғары болса, тыныс алу жолдары ашылып, еркін дем аласыз. Қырыққабаттың да (капуста) қорылдан құтқаратын қасиеті бар. Күнде ұйықтар алдында қырыққабаттың шырынына 1 ас қасық бал араластырып ішіңіз. Осылайша бал қосылған қырыққабат шырынын 1 ай бойы үзбей ішіңіз. Қорылдан құтылудың тағы бір жолы-күніне 3 рет тамақ алдында пісірілген сәбіз жеу.
|