әні мен сөзі Болат Сыбановтікі
Уа, ағайын, мен де өлермін кезінде,
Соншалықты аза тұтып егілме.
Өзім кетсем әнім қалар соңымда.
Қадірімді содан білер тегінде.
Жауыма да қас болмап ем өмірде,
Әншілікпен атым шықты еліме.
Адам көзі топыраққа тоюшы еді,
Болды арманым бұл тірліктен менің де.
Демім бітіп, қайран денем қуарар,
Соңғы сапар мені де үйден шығарар.
Дос күрсініп мені де жауым тынып ішінен,
Өлігіме көртышқандар қуанар.
Ақыретімді орамаңдаршы араққа.
Бәсекелік керек емес өлікке,
Маскүнемдер шомылсын-ақ шарапқа.
Той думанның қызығына болдым мас,
Бірақ арақ, темекіге жаным қас.
Өлікке арнап арақ беріп біреулер,
Мода үшін әдетке енген кәрі, жас.
Ата-бабаң туып па еді арақтан,
Не қылған күш сені араққа қаратқан.
«Ақылгөйім, оқымыстым сабазым»,
Азып кетпе, адамшылық санаттан.
Арағыңның керегі не өлікке,
Аруағымды арақ құйып кемітпе.
Жаңашылдық дейтін шығар кей маңғаз,
Арамдыққа елдің көзін телміртпе.
Бұрынғылар жерленді ғой арақсыз,
Кері қайтып келгені жоқ шарапсыз.
Кәрі жасың бәрің бірге уланып,
«Жынды су» деп оңды солды қарапсыз.
Илансаңыз бір-екі ауыз сөзіме,
Ешбір гүлдің керегі жоқ өзіме.
Жаңа қонысым жер қойнынан ұсынып,
Қабір гүлін берер маған өзі де.
Қош болыңдар, туыс, досым, дұшпаным,
Таусылмасын тіршілікте күш, бағың,
Әредікте ойға алып қойыңдар,
Мәңгілікке кетті-ау бұлбұл құстарың.
1983 жыл. Семей.
|