Жемісінде қант, инулин, крахмал, алма, лимон, салицил және шарап қышқылдары, минералды тұздар, темір мен күміс, каротин мен С дәрумені (витамині) бар. Дәндерінен кеппейтін май және кейбір дәрумендерді алуға болады. Емдік мақсатқа өріктің шілде-тамыз (июль, август) айларында жиналатын жемісі мен дәндерін пайдаланады. Жемісін ағзада дәрумендер жетіспеген жағдайда жейді. Қытай халық медицинасында өрік дәндерін жөтелді басатын дәрі ретінде аздаған мөлшерде пайдаланады.
Г. Қожабекова
|