(Еркін аудармалар)
Жарнама берушіге біреу мынадай сұрақ қойды:
-Осы Сіздер темекінің неше түрін, шампунь, иісті сулардың, тіпті арақтардың түр-түрін жарнамалап жатасыздар. Құрғақ шарап жақсы дейсіздер ме, неше түрлі кір жуатын ұнтақтарды, сабындарды көтермелеп жер-көкке, сыйғызбай мақтайсыздар. Ал кітаптарға неге жарнама жасамайсыздар, осыған жауап беріңізші?..
Жауап ала алмады...
Өзеуреме
Көңілді кешіңді бой жеткенмен кездескенде бұзып алма. Өзіңше әлдеқандай болып өзеуреп:
-Осы сен мені нем үшін ұнатып қалдың?-деп басын қатырма, өйткені ол: «шынында бұл сумырынның кісі сүйер қылығы жоқ сияқты», деп ойланып қалса құрисың ғой,-деді ағасы інісіне...
Кім білсін, өзінің басынан өткен оқиға ма, ол жағы құпия секілді.
|