Бір бай құрбандыққа қой шалыпты. Онысы өте семіз шығыпты. Құрбан иесі қуанып кетіп: -Аппақ май, семіздігі нақ шошқадай екен!-дейді, сонда қасында отырған батагөй молда: -Бұл қой енді арам болды. Құрбандыққа жарамайды,-дейді. Бай амалсыздан екенші қой әкеліп сояды. Ол қой да семіз шығады. Құрбан иесі: -Молда-еке, кесерге қарасы жоқ. Әлгі бәлеге ұқсауын ұқсайды, тек атауға болмайды,-депті.
|