Бақ-дәулет, мал бітерде ырыс қонар, Ынтымағы ағайынның дұрыс болар, Бала пайдакүнем болар, Жалшы жауынгер болар, Қыз қылықты болар, Келін епті болар, Көп көрініп жау қашырар, Көмектеп қонақ аттандырар. Адамы қырлы болар, Малы түрлі болар, Иті үреген келер, Тіркеген малы жүреген келер. Бақ, дәулет, мал көшерде ырыс қашар, Біреуі біреуіне пәле жасар. Бала пайдасыз болар, Жалшы жалқау болар, Қыз қылықсыз болар, Келін керенау болар, Қатыны салақ болар, Ат мінсе жалақ болар, Адамы қырсыз болар, Малы түрсіз болар, Иті үрмес, Тіркеген малы жүрмес.
|