«Саясы жоқ бәйтерек...»
Саясы жоқ бәйтерекСаздауға біткен талмен тең,Жақсы ағаңыз бар болса,Алдында сары белмен тең,Ағайының көп болса,Ұлық бір шеру қолмен тең,Ақылсызға сөз айтсаң,Алды бір тұйық жармен тең,Молдадан сабақ алсаңыз,Алуа, шекер балмен тең,Пайдасы жоққа жалынсаң,Семіз бір жемқор малмен тең,Жақсы қатын алсаңыз,Алланың жауған нұрмен тең,Жаман қатын алсаңыз,Маңдайға біткен сормен тең,Уайымшыл жігіттіңКең дүниесі тармен тең,Уайымсыз жігіттерҚара бұлан нармен тең,Жетесі жаман жігіттер Тоқсандағы шалмен тең,Жаманнан көрген қорлығыңКөкірекке біткен шермен тең,Бір қалған соң көңіліңҚаңтардағы мұзбен тең.
|