Он бестегі жасым-ай, Жарға ойнаған лақтай. Жиырмадағы жасым-ай, Көлге біткен құрақтай. Отыздағы жасым-ай, Таудан аққан бұлақтай. Қырықтағы жасым-ай, Қырымдағыға көз салған Байлаулы тұрған құр аттай. Елудегі жасыңыз Қайта көшкен ел екен. Алпыстағы жасыңыз Қоңыр салқын күн екен. Жетпіс жасқа келгенде Қараңғы тұман түн екен. Жексен жасқа келгенде Қазулы тұрған ор екен. Тоқсан тұрған көр екен, Өлімнен басқа жоқ екен.
|