Воскресенье, 07.12.2025, 07:55
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 5
Гостей: 5
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2010 » Февраль » 23 » Сүндеттің пайдасы
Сүндеттің пайдасы
23:57
Сүндетке отырғызу дәстүрінің тамыры тым терең, ғасырлар қойнауына кетеді екен. Оған осыдан бес мың жыл бұрын Египет жеріндегі жартастарға салынған суреттер мен иероглифтер мысал бола алады. Сүндетке отырғызу мағнасын білдіретін Zircumzisia деген латын сөзінен шыққан сүндеттеу алғашқы кездері арабтарда діни наным-сенім ретінде жүзеге асырылған. Уақыт өте келе сүндет ислам дінін қабылдау үшін жасалатын дәстүрлі салттың біріне айналады. Сүндетке отырғызылған ұлдар нағыз мұсылман, әрі нағыз жігіт деп саналған. Ғалымдар сүндеттеу салтының мұсылман әлемінде, египеттерде исламның дін ретінде қалыптасуынан әлдеқайда бұрын болғандығын ежелгі нақты құжаттар арқылы дәлелдеген.
Кейінгі кездері бұл мұсылмандық салтына дәрігерлер көңіл аударып, сүндетке отырғызудың пайдалы екендігіне көз жеткізеді. Сүндеттелген ұлдарға өз жыныс мүшелерінің тазалығын қадағалау, оның күтімі әлдеқайда жеңіл де қолайлы болады. Оның үстіне инфекцияның пайда болуы бір пайызға азаятындығы ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Осы тақырып жөнінде тек АҚШ-та ғана жиырмадан астам ғылыми деректер жарық көрген.
Ғалымдар сондай-ақ, сүндетке отырғызу қасабаның басы мен күпегінің қабынуына әкеліп соғатын қыспакүпек (парафимоз), қылкүпек (фимоз) сырқаттарының алдын алатындығын дәлелдейді. АҚШ ғалымдарының ашқан тағы бір маңызды жаңалығы-баланы сүндеттеу СПИД-ке қарсы ем болатындығын және ВИЧ жұқпалы ауруларын жұқтыру мүмкіндігін азайтатындығын дәлелдеу. Олардың зерттеу нәтижелері бойынша сүндетке отырғызылмаған еркектердің СПИД-пен ауыру мүмкіндігі кестірілгендерге қарағанда сегіз есе жоғары болып келеді. Оның үстіне қатынасқа түскендерге жұқтыру қаупі де жоғары.
Ғалымдар «қара» құрлықтан кейбір нақты мысалдар келтіреді. Мәселен, Кения мен Замбияда ұл балалардың-10-30 пайызы ғана сүндетке отырғызылады. Ал, Вич инфекцияларын тасымалдаушылар саны олардың халқының төрттен бірін құрайды. Ал, сол Африканың әр баланы сүндетке отырғызатын Камерун, Бенин сияқты өзге елдердегі ВИЧ ауруының таралуы алты пайыздан артпайды.
Бұл мәселемен көп жылдан бері айналысып жүрген Семей мемлекеттік медицина институтының профессоры Лев Черкасский  де «қазақтар жас балаларын неге сүндетке отырғызады» деген сұрағына дәйекті жауап табады. 1980 жылы ол Араб елдері ғалымдарының ұл балалардың ұмасында ақырындап, байқаусыз жыйнақталатын обырды (рак) қоздыратын смегма атты заттың біртіндеп жыныс мүшесінің рагына әкеліп соқтыратыны жайлы зерттеулерімен танысып, өзі де осы мәселемен түбегейлі  шұғылданып, сүндетке отырғызудың пайдасы жайлы еңбектер жазады. Жыныстық қатынас арқылы смегманың әйелдердің онкологиялық ауруларға ұшырауына әсер ететіндігі анықталған. Әрине, денсаулықтың ең сенімді кепілі, ең алдымен тазалық сақтау екендігі айтпаса да түсінікті.
Сүндетке отырғызудың әр аймақта өз ерекшеліктері болады. Молдалар негізінен үш жастан бастап тақ сандық жасқа толған балалар қасаба күпегінің ұшын өткір пышақ немесе ұстарамен кесіп, жарасына күл сеуіп дезинфекция жасайды, қанын киіз басып тоқтатады.
Қазір көп жерде балаларын хирург мамандарға сүндеттетеді. Мәселен, Талдықорғанның «Нұр» мешітінде көпшілік балалар қамқорлық көмек ретінде тегін сүндетке отырғызылады. Мұндай операцияны тәжірибелі маман, халықаралық біліктілігі жоғары түрік хирург Абдулла Өзкай наркоз арқылы, лазерлік технология күшімен жүргізеді. Мұндай қамқорлық шаралары анда-санда да өзге де облыс орталықтарындағы мешіттерде қолға алынып тұрады.
Көпшілік ата-аналар  балаларын маман-хирургтерге апарып сүндетке отырғызады. Қалай болғанда да дін қызметкерлері де, ғалым-дәрігерлер де сүндеттің тек мұсылмандық дәстүр ғана емес, денсаулыққа үлкен пайдасының барын нық сеніммен айтады.

Е. Берлібеков
Категория: Салауатты өмір салты | Просмотров: 1707 | Добавил: модератор | Теги: Салауатты өмір салты | Рейтинг: 0.0/0 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Февраль 2010  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz