Олай тартсаң, өгіз өледі, Бұлай тартсаң, арба сынады.
Жорға мінген, Жолдасынан айрылады, Көп жасаған, Құрдасынан айрылады.
Кебін киген келмейді, Кебенек киген келеді.
Күн жауса тондыны ұрар.
Қарнымның ашқанына жыламаймын, Кәдірімнің қашқанына жылаймын.
Өзім білем деген, өрге баспас.
Кекшіл болма, епшіл бол.
Тісің барда ысқыр, Мұрның барда пысқыр.
Көргенсізбен құрдас болма, Опасызбен сырлас болма.
Айтқызған жаманның ісі, Қамшылатқан шабанның ісі.
|