(Еркін аудармалар)
Ақылдың көкесі мынау: өзі ақылды, өзі сұлу, әмбе бай қызға үйленгің келсе-үш рет үйлен.Мый жөніндегі ой
Адам мыйының тоқсан сегіз пайызы судан тұрады екен. Алайда, кейбіреулерге сол судың өзі толықтай құйылмайтын көрінеді.Мереке күндері
Бір еркек екіншісінен ақыл сұрағандай болады:-Өзімнің келіншегіме 8-наурызға қандай сыйлық тартарымды білмей тұрғаным...-десе, жолдасы:-Оның 8 наурызы қашан еді?-дейді.Артық болса, іренжіме
Сен меншіктеп жүрген қызыңның телефоны өзіңдікінен жақсырақ болса, оған көңілің шайлығып іренжіме, өйткені басқа біреудің бойжеткені де сенікінен әлдеқайда жақсырақ!Арықтау керек
Дәрігер науқасты қарап болып, тұжырым жасады:-Сізге, шындығын айтайын-міндетті түрде арықтау керек!.. Семіз күйіңізден бұрынғы салмағыңыз қанша еді?-3 килограмм 200 грамм болатын, дәрігер мырза.
|