Тамақтан бұрын және соңында қолдарды жуу керек. Тамақтан бұрын қол жуғанда алдымен жастар, ал тамақтан кейін алдымен үлкендер бастап жуады.
Қолмен желінетін тағамдарды үш саусақпен жеген дұрыс.
Піскен етті пышақпен турамау керек.
Шақырмастан бұрын дастарханға отыруға болмайды.
«Тамақтан алыңыз!» деген сөзді үштен көп айтуға болмайды. Ол қонақтарды ыңғайсыз жағдайға қалдырады.
Тамақта қорқынышты және жиіркенішті нәрселер, өлім, жаһаннам туралы айтпау керек.
Стақан, кесенің сынық жерінен және сабы жағымен су ішуге болмайды. Сондай ақ суды іші көрінбейтін шәйнек, құмыра, құман секілді ыдыстарынан ішпеу керек.
Тоймастан бұрын дастарханнан тұру, қарын ашпастан және дастарханнан тыс жерлерде тамақ жеу дұрыс емес. Су немесе шай ішкенде бір бөлігін немесе тамақ жеген кезде түбінде қалдыру мұсылманның үлкен қателігі.
Тамақты алдымен үлкендер бастауы керек.
Тамақтанып отырғанда қуанышты нәрсе айтып отыру керек. Бұл кезде үнсіз отыру, сөйлемеу отқа табынатындардың әдеті.
Нанның ішін жеп, сырын тастау, піскен жерін жеп, қалған жерін тастау-ысырап.
Үй иесінің қонаққа ұсынуы және қолына су құюы жақсы болады. Қазір кран болғандықтан қонақтың қолына су құюдың қажеті жоқ. Қолын сүртуі үшін сүлгі ұстап тұрса болады.
Тамақты өте ыстық кезінде жеудің зиянды жағы:
Құлағы керең болуға себеп болады.
Жүзі сарғаяды.
Көздерінде нұр болмайды.
Тістері сарғаяды.
Аузының ләззаты болмайды.
Қарны тоймайды.
Түсінігі азаяды.
Ақылы аз болады.
Ауруға себеп болады.
|