Досбол Қарауыл Ордабайды ертіп Екі Шектіге дауға барады. Сөз арасында Ордабай жеңілдік қып күле беріпті.
Сонда Досболдың Ордабайға айтқаны: Көлде жүрген қоңыр қаз Шөл қадірін не білсін. Шөлде жүрген дуадақ Көл қадірін не білсін. Тауда жүріп, таста өскен, Ағайыннан басқа өскен Ордабай күлмей, кім күлсін! Б. Адамбаев