(Корей мақал-мәтелдерінен) Жалғасы... Ит баласы туа сала үреді.
Кезбені де ел қатарлы көмеді.
Торғай диірменді аттап ұшпайды.
Басыңа төгілген су бақайыңа жетер.
Жоғарыдан тас құлар- Жатқаныңда басқа ұрар.
Тіленшіге жоқ болса да түйірі, Ұрыға бар іліп кетер бұйымы.
Қызыл тіл қылыш жүзіндей. Көрген түстің өзінен Көрушінің сөзі ерен.
Адам тағдыры айнығыш.
Ез малтаның сөзінде Шындық бар деп сезінбе.
Қиындықта дихан күйіп-піспейді, Аш қалса да, тұқымдығын ішпейді.
Жолбарысты бұрын көрмеген ит жасқанбайды.
Темір өз-өзінен шыңдалмас.
Жылайын деп тұрған баланы жұлмалама.
Қаланың жаңалығын Біледі дала бұрын.
Тұйыққа тірелген тыпыршиды.
Таяқ жеген кербақтай Уқалаған қалпақтай.
Үйінде отырып иесін мақтама.
Жаңа киімді жумай киеді.
|