Құрғақ бет күтімі. Құрғақ бетті желдің, ауаның түрлі ықпалынан сақтау үшін оны дұрыс күту керек. Бетті майландыратын масканың аса жақсы әсері болады. Оны әркім өзі-ақ жасап алады. Жұмыртқа сарысын бал мен глицеринге (бір-бір ас қасықтан) араластырып, бетке жағады, 10-15 минуттан кейін қайнатылған сумен жуады. Коньки және шаңғы спортымен шұғылданып жүргендер бетін ерекше күтуі керек. Далада көп жүргенде теріге суық зиянды әсер етеді: бет ширығып, қызыл, күрең-қызыл таңбалар шығады, күлкідеп, жылтырап тұрады, салқын болады. Кейде дуылдап қышиды. Бұл сияқтылардың алдын алу үшін, бетті суыққа дағдыландыру керек. Қысқы спортты сүйетіндер күнде кешке бетін ыстық және салқын сумен алмастырып жуу қажет. Коньки немесе шаңғы тебуге шығар алдында құрғақ бетке майлы крем жаққан дұрыс. Жалғасы бар…
|