Воскресенье, 07.12.2025, 08:53
Менің қызметім жайында - О моей службе
Приветствую Вас Гость | RSS
Қазақша
Тегилер-Теги
Яндекс
Tengrinews.Kz
Наши предпочтения
Усть-Каменогорский информационный портал
Мы на Твиттере
Статистика

Онлайн всего: 4
Гостей: 4
Пользователей: 0
LiveInternet
Главная » 2012 » Сентябрь » 07 » Жәнібек Кәрменов
Жәнібек Кәрменов
10:43
Толғау
Ойламаңдар жігіттер,
Баста дәурен тұрмайды.
Өтіп кеткен сұм жалған,
Қайтып мойын бұрмайды.
Адам қонақ өмірге,
Бір күні қолын бұлғайды.
Тірліктің түбі белгісіз,
Ағын бір судай зырлайды.
Опасыз мынау дүние,
Тұтқа болған кімдерге.
Өмірдің соңы өкініш,
Санамен ойлап білгенге.
Қадірі болмас адамның,
Ортаңда тірі жүргенде.
Орны қалар ойсырап,
Бір күні көрге кіргенде.
Асыл жырым тыңдалмас,
Ақылға салып білмесең.
Алтынға балап әр сөзін,
Құлағыңа ілмесең.
Жүрегіңе нұр құяр,
Жақсы сөзді күндесең.
Түбінде қор боларсың,
Тағдырға кетер күнде есең.
Қызыл түлкі секілді,
Уақыт, шіркін, алдайды.
Қызылшыл болсаң базарлап,
Түбінде саған сол қайғы.
Еңбекпен еккен бәйтерек,
Терің тамса солмайды.
Қулықпен тапқан мал арам,
Ізінде қайыр болмайды.
Тағдырға мынау алдамшы,
Шалдырмай бәлкім кетерсің.
Жақыныңды жат қылып,
Мұратыңа жетерсің.
Амалсыздан бір күні.
Қанағат сен де етерсің.
Желігіп келсең өмірге,
Жерініп түбі өтерсің.
Мәнсапқа жетсең адал бол,
Қызмет ет халқыңа.
Әнін үйрен, күйін ұқ,
Басыңды ій салтына.
Қарашада қара үй тұр,
Қарайлай жүр артыңа.
Жолдас болма жаманмен,
Көзің жетпей парқына.
Өзіңді біреу мақтаса,
Елігіп оған тасыма.
Бетіңе айтар адал дос,
Жау деп оны жасыма.
Бәрін де кейін көрерсің,
Іс түскенде басыңа.
Күні үшін жүрген қулардың,
Бірі қалмас қасыңда.
Категория: Тәлім өлең | Просмотров: 2392 | Добавил: модератор | Рейтинг: 5.0/4 |
Форма входа
На русском языке
Muftyat.kz
Категории раздела
Өмір өрнектері [207]
Әзілдер [138]
Қайырымдылық [63]
"Халал" дүкенінде [6]
Неке [9]
Жерлеу [11]
Құран хатм [1]
Еске алу [5]
Көпшіліктен-дұға [2]
Ораза қабыл болсын! [21]
Мақал-мәтелдер [105]
Пословицы и поговорки
Ел аузынан [118]
Этикет [81]
Хадж [15]
Салауатты өмір салты [143]
Тәлім өлең [124]
Біздің қолжазбалар [7]
Арабески жизни [0]
Служебные смешинки [3]
Милосердие [0]
В магазине "Халал" [0]
Мусульманская свадьба [2]
Похороны [4]
Коран: чтение и восприятие [2]
Поминание усопших [1]
Мольба общины [0]
О посте [1]
О хадже [6]
Наши записки [0]
ЗОЖ [1]
Курбан-айт [5]
Құрбан айт [6]
Наш словарь [21]
Облик строителя своей жизни [8]
Жас жеткіншектерге [81]
Заңгер кеңесі [49]
Пайдалы кеңестер [83]
Білгіміз келеді [91]
Поиск
Календарь
«  Сентябрь 2012  »
Пн Вт Ср Чт Пт Сб Вс
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
Ауа райы
Яндекс.Погода
Курс валют
Ежедневные курсы валют в Республике Казахстан
Yk-news.kz
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz
  • Архив записей
    Менің қызметім жайында © 2025Создать бесплатный сайт с uCoz