Жаңғақтың түрлі сырқатқа ем екенін білеміз. Өзіме кейіннен таныс болған мына әдістерді көпшіліктің назарына ұсынуды жөн көрдім. Ем болатын аурулары және пайдалануы:1.Дене әлсіздігіне, бел сыздап ауырғанда, бас айналып, құлақ шыңылдағанда: жаңғақ дәнінен-600 г талқандап, балға араластырып, салмағы 9 г оқ дәрідей етіп жасап, күніне 2 реттен ішеді.2. Несеп жолына тас байланған болса: жаңғақ дәнінен бір үлес алып араластырып, бірнеше күн ішеді.3. Несептің жиі келуіне: жаңғақ дәнін пісіріп, жатар алдында жылы арақпен ішеді. Асхат Оралхан, Жаркент қаласы
|