 Қанша жуан болса да, Жалғыз ағаш үй болмас, Қанша жақсы болса да, Жалғыз жігіт би болмас.
Жалғыз аттың пайдасы көп, Жалғыз жігіттің айласы көп.
Отай үй, оңаша бас.
Жалғыз атты жарыстан қалмас.
Жалғыз ағаш пана болмас, Жалғыз бие саба болмас.
Жалғыздың ісі бітпес.
Бір басқа-бір көз.
Жалғыз үйдің қарғасы боққа тоймас.
Жалғыз жігіт жарымас.
Тастаған шоқпар сорлыға тиер.
Жалғыз үйдің тамағы жетсе де, Табағы жетпес.
Жалғыз мая қайымас, Жалғыз жігіт байымас.
Жалғыз батыр жауға жоқ, Жалғыз жігіт дауға жоқ.
Жалғыз ағаш орман болмас, Жалғыз кірпіш қорған болмас.
Жалғыз жаңқа жанбайды, Жалғыздың ісі оңбайды.
Photo from grangu.mypage.ru
|