-Балалар,-деді мұғалім өзінің шәкірттеріне,-демалыс күндерінде тындырған ең жақсы екі істеріңді айтып беріңдерші. -Сенбі күні үлкен апайдыкіне қонаққа бардым, ол кісі өте қуанып қалды,-деп бастады Сәрсен. -Оның жақсы болған екен, Сәрсен. Ал екінші жақсы ісіңді айта ғой. -Жексенбі күні апайдікінен үйге қайттым, апай одан бетер қуанып қалды.
|